Қандай пайдалы кеңестердің пайдасынан гөрі зияны көбірек болуы мүмкін?
LANCÔME Miracle Teint –тоналды кремі
Үй тұрмысындағы бет терісіне арналған маскалар
Бетке арналған скрабты пайдалану тәсілі
Бала терісі күтімі кеңестері
Желілік дүкендерге шолу - strawberrynet.com
2014ж ең танымал жұпарлары
Әріптер сыры: ВВ және СС кремдері туралы не білеміз
Тері жарқырауына арналған 15 табиғи құрал
Балдан жасалған 12 сұлулық рецептісі
Бронзерді қалай жағу қажет
Денсаулықты сақтау жақсы үрдістің бірі болып келеді. Калория және вируспен күресуге қатты көңіл бөлеміз, бірақ кей кезде қатты кетіп жатқн жеріміз де бар. Кейбір пайдалы әдеттерге зер салыңыз. Олардың барлығы да «пайдалы» ма екен?
Қолға арналған дезинфекциялық құрал
Ең алдымен гигиена, солай емес пе? Дегенмен, асқындату қажет емес, қолды қоршаған ортамен жанасқаннан соң, дезинфекциялық құралмен мұқият жууға болмайды. Егер сіз жұқпалы ауруға қатсыт емхананың қызметкері болмасаңыз, қолды таза ұстау үшін қарапайым сабын және таза сумен жуған да жеткілікті болып саналады.
Соңғы зерттеулер бойынша, триклозан қосылған дезинфекциялық құралдар вирустар мен бактерияларға антибиотиктермен күресуге көмектеседі, олардың төзімділігін арттырады. Бұл антибактериалды сабындарға қатысты. Егер әсерлі дезинфекция қажет болса, онда дәстүрлі спирт қолданыңыз. Оның 55 пайыздық ерітіндісі бактерияны 98% дейін жояды.
Тамақтанудан соң тісті тазалау
Бір қарағанда – ауыз қуысын тіс пастасы мен щеткасымен тазарту тамаша іс. Дегенмен, кейбір жағдайларда асықпай, оны кейінге қалдырған да дұрыс.
Тамақтағы қышқыл тіс эмалын әлсіретеді, осындай әлсіз жағдайда тіс щеткасының механикалық қозғалысы кері әсерін береді. Тісті тазартуды кейінге қалдырыңыз, ал тамақтың қалдығынан тазарту үшін ауызды шайыңыз.
Ашығып тамақтану
кейбір әйелдердің ойынша таңертеңгі асты ішпей, түскі асты шектеу арқылы каллориядан құтыламыз деп ойлайды. Өкінішке орай, калориялар олар ойлағандай ақымақ емес, олардан құтылу оңай емес.
Аз ішкен сайын, көбірек жегің келеді. Сонымен қатар аш адам күйезілсте болады және тітіркенгіш болады, оң эмоцияға зәру болады. Олар қайдан келеді? Күні бойына қысыламыз, ал тамаққа деген зәрулік кешке сыртқа шығады, ағза өзіне керегін алады да, рақатқа бөленеді...
Шөлмектегі су
Су құбыры сапасы кейде нашар болады. Ең қарапайым шешім – шөлмектегі сулар. Әдетте шөлмектегі суда тіс жегісінен қорғайтын фторид болмайды
Шөлмектегі суды ішкенше фильтден өткен су ішкен дұрыс.
Кардиожаттығу
Кардио жаттығулар (жүрек қан тамырлары жүйесін жаттықтыруға арналған спорттық сабырлы жаттығулар) кейбір адамдардың пікірінше денені тонуста ұстау үшін артық салмақпен күресуге арналған тамаша құрал болып саналады. Бұл тек уақытша ғана. Ағза жайлап пайдалы процедураға үйренеді де, майларды аздап ерітетін болады.
Денені жалқауландырмас үшін әртүрлі жаттығуларды орындаңыз, сонымен қатар күш түсретінді де. Сондай-ақ, жаттығу әсері артып, тұрақты ауыр жаттығу бұлшықет массасын ұлғайтады да, өз кезегінде майдың интенсивті ыдырауына алып келеді.
Тамақ қосымшалары
минералдар мен дәрумендер денеге қажет, бірақ оған бас ұрудың қажеті жоқ. Көп пайдалану әрқашан да жақсы емес. Дәрі-дәрмекті түсінбей ішу өзіңізге айрықша зиян алып келуі мүмкін. А дәруменінің артықтығы іштегі балаға улы, артық С дәрумені асқазан ішек проблемаларына соқтырады, В6 дәруменінің нысапсыз қолдануы жүйке жүйесінің зақымдануына соқтырады.
Қабылдайтын дәрумендер мен минералдардың мөлшерін қадағалаңыз, және мейлінше табиғи азық-түлікті көбірек пайдаланыңыз.
Деніңіз сау болсын!
Ощутимые улучшения самочувствия от использования браслета вы заметите уже через несколько часов, однако максимальный терапевтический эффект достигается при постоянном длительном ношении.
https://vk.com/bianshi_armenia
КАК ОТЛИЧИТЬ НАСТОЯЩИЙ БЯНЬШИ ОТ ПОДДЕЛОК? ОТВЕТ ЗДЕСЬ
Комментарии
Отправить комментарий